Жүргізушінің мұқиятсыздығы айыппұлға әкеліп соқтырды

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. 26 қыркүйек 2018 жылы түнгі сағат 03:30 шамасында, Шымкент-Самара тас жолының 1296/970 шақырымында «DAF XF105» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жол қозғалысы ережесінің 1.3 тармағын бұзып, жолдың қарсы бағытына шығып, алдында келе жатқан азамат С-ның басқаруындағы «Камаз-53212» автокөлігінің тіркемесіне соққан. Нәтижесінде көлік құралдары бүлініп, мүліктік залал келген.
Сот отырысында құқық бұзушы хаттамада көрсетілген жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайларды растап, өз кінәсін мойындаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігі басшылыққа алынып, 16 835 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі