Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен байланысқандарды іздейді

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен байланысқандарды іздейді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланысқа түскендердің барлығын іздеуде, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір біздің басты міндетіміз - барлық осы бортта болған адамдарды, байланысып, анықтап, оқшаулап, бақылап отыру керек. Мұндай шаралар жалғасуда", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр Сұлтанда өткен брифингте.
"Барлық байланыс тұлғалары анықталғаннан кейін олармен мұқият жұмыс жүргізіліп, денсаулық жағдайы туралы ақпарат жиналады және қажет болған жағдайда тексеруден өтеді", - деп толықтырды министр.
"Біз жолаушыны анықтадық. Осы бортта ұшқан барлық адамдарды, біз оларды білеміз, енді оларды оқшауланып, жағдайын тексереміз, сонымен бірге олармен байланысқан адамдарға (ақпарат) жинаймыз, сондықтан санитарлық қызмет алгоритмге сәйкес тізбек бойынша жұмыс істейді", - деді Біртанов.

13 наурыз 2020 ж. 372 0