Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіс жуу – инфарк пен рактан сақтанудың жақсы жолы

Тіс жуу – инфарк пен рактан сақтанудың жақсы жолы

Kyzylorda-news.kz. Ауызын дұрыс шайып, дұрыс тіс жумағандардың 25 пайызы жүрек пен қан тамыры ауруларына шалдығуы мүмкін. Әсіресе, инфаркт не инсульт алғандардың жағдайы қиындау. Тісті дұрыс тазаламаудың кесірінен адам обыр дертіне де шалдығуы мүмкін.
Тісті дұрыс жумаған соң, оған тісжегі (кариес) мен қанжел (пародонтит) пайда болады да, оның ішіне зиянды бактерия – стрептококки жинала бастайды. Ол қабынған тістің тамыры арқылы қанға түсіп, тромбоциттердің ұюына әкеледі. Бір-біріне жабысып қалған тромбоциттер қан тамырын бітеп, жүрек пен миға баратын қан жолын тығындап тастайды. Содан жүрекке қан жетпей, жүрек-қан тамыры аурулары пайда болуы мүмкін. Мұның соңы инфаркт пен инсультқа әкеледі.
«Егер тісті дұрыс не жиі жумаса, тісжегі көбейіп, тістің қабынуына, оның қан тамыры мен ауыз қабатын бөліп тұрған ұлпаны – эпителияны өлтіріп, қанға өтіп кетеді. Ал эпителияның жұқарғанын тіс жуған кезде қан аққанынан білеміз. Қорғаныш ұлпа жұқарса, зиянды бактериямен бірге қанға көбіктенген жасушалар та түсіп кетеді. Ал оның құрамында холестерин көп болғандықтан, түскен күйі қан тамырына барып ол да жабысып қалады. Содан қанның ішінде қан ұйып, соңы атеросклероз сынды ауруларға әкеледі», - дейді Сечен университетінің Е.В.Боровский атындағы стоматология институтының директоры Ирина Макеева.
Миға шабуы мүмкін
Ауыздағы бактериялардың зияны бұл ғана емес. Америка ғалымдары ауызға түскен Porphyromonas gingivalis бактериясы қанға араласып кетсе, миға шауып, адамды Альцгеймер ауруына шалдықтыруы мүмкін дейді.
Миға өтіп кеткен бұл бактерия ақуыз бен амин қышқылы арасындағы байланысты бұзып, ақуыздың тұрақтылығына ақау келтіреді. Содан ми жасушыларындағы тұрақтандыру қызметі бұзылып, адам психологиялық ауруға душар болады.
Тіс пен рак
Америка мен италья ғалымдары периодонтитпен ауыратын не тісі жиі түсетін адамдардың ұйқы безі рагына шалдығуы мүмкін десе, британ ғалымдары тісі ауыратындардың бауыр, ұйқы безі, өт рагына шалдығу қауіпі жоғары екендігін айтады.
«Тісі жиі қабынатындардың шырышты қабығында обыр өсіп шығуы мүмкін екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан тіс пен ауызды дұрыс жуып жүрудің маңызы зор. Тазалық – көп аурудың емі», - дейді профессор Ирина Макеева.
Мәселен, Тайвань ғалымдары тісті жиі жуып жүрудің қандай маңызды екендігін ескерткеннен бері, елде обырмен ауыратындардың саны әжептәуір азайған. Тайваньнің 40 мыңға жуық тұрғыны тісін емдеген екен.
Ауырмаудың амалы
Кәріс ғалымдары күніне үш рет тіс тазалаған адамдардың жүрек пен аритмия ауруына шалдықпайтынын айтады. 40 пен 79 жас аралығындағы 160 мың адамға зерттеу жасаған ғалымдар осындай тұжырымға келген. Өйткені күнде тіс жуып жүрген адамның ауызында бактерия аз болады да, ол тіске де, қанға да түсіп кетпейді.
«Ауызды шуып-жаю аурудан сақтанудың басты амалы. Тісті таза болса, қанға артық бактерия түспейді. Содан адамның қант диабеті, артрит, псориаз, көз ауруы сынды ауруларға шалдығуы төмендейді. Тісті күніне бір рет емес, таңертең және кешке жуған жөн. Әрі бір минут емес, 3-4 минут жуған жақсы. Тісін таза ұстаған адамда тісжегі де, қабыну да болмайды», - дейді Ирина Макеева.
14 наурыз 2020 ж. 828 0