Көжеңіздің дәмі қандай?
Осы орайда еліміздегі әр өңір тұрғындарының желідегі жазбаларын топтастырдық.
Зере Еспайқызы, Көкшетау: «Ата-әжемнің бауырында өскен едім. Содан болар, қазақы тәрбие қаныма сіңген. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» дегенді үлкендерден жиі еститінмін. Мен көжені пісіруді әжемнен үйренгем. Негізі, көженің құрамына жеті өнімнен де көп тағам қосуға болады. Алдымен сүр етті пісіреміз. Басқа ыдысқа сорпаға қосатын жармаларды бөлек-бөлек пісіріп аламыз. Жармалардың әр түрінен қосамыз. Мысалы, күріш, тары, арпа, қарақұмық, кейде бұршақ та қосамыз. Содан кейін сүр етті, өрікті ұсақтап турап, мейіз бен жармаларды бірге барлығын ет піскен сорпаға құртты езіп араластырамыз. Көже дайын болғаннан кейін қаймақ қосамыз. Жалпы, әрбір адамның өзіндік дайындау тәсілі болады. Сондай-ақ өңірде май сақтаған қарынды тазалап жуып, көженің түбіне салатындар да бар. Бұл – ежелден келе жатқан көне әдіс болады. Қарынға тұз әбден сіңгендіктен де, көжеге ерекше дәм береді. Мұндай наурыз көже өте дәмді болады. Ондағы ойым – өскелең ұрпақ ой түйсін, үйренсін дегенім ғой» дейді.
Кекілік Қожахметова, Алматы: «Наурыз көжеге қосылатын негізгі жеті азық – су, ет, бидай, кеспе, ақ, көкөніс, тұз. Ең негізгісі – су. Бұл келешек ұрпақ өсіп-өніп, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді. Қазақ дастарқанын етсіз елестету қиын, сондықтан оны халық тоқ болсын деп қосады. Көбіне сүрленген ет қолданылады. Наурыз көжеге дәнді дақылдарды да қосамыз, олар – бидай, арпа, күріш, тары және басқалары. Оларды ұрпағымыз көбейсін деп қосамыз. Тойымдылығы да бар. Қазақ ақты ежелден қастерлеген. Сондықтан көжеге сүт немесе айран қосылады. Оның түп мағынасында сүттей ұйып отырған отбасы болайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр. Ал тұзды наурыз көжеге дәм беру үшін қосамыз» дейді.
Ал Тоқабай ауылының тұрғыны Жанаркүл Қарымсақова өзінің көже дайындау әдісімен бөлісті.
– Біз жыл сайын осы күнді асыға күтеміз. Себебі Ұлыстың ұлы күні тіл үйірер наурызкөжемен ерекшеленеді. Өз басым осы күні түрлі дәм қоспаларымен наурыздың басты асын дайындап, туған-туыс пен көрші-көлемге дәм татқызамын. Шыжғырылған қойдың құйрық майына сүр қазыны немесе сүрленген етті майдалап турап, аздап қуырамын. Сосын үстіне су құйып қайнатамын. Ет піскен кезде дәнді дақылдың бірін саламын. Соның ішінде Сыр өңірі күрішті көп пайдаланады. Ағарғансыз наурыздың сәні кіре ме?! Сондықтан соңынан ағарған құйып, тұз салып дәмін келтіремін, – дейді Тоқабай тұрғыны.