Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Намаз оқудың жиырма артықшылығын біле жүріңіз

Намаз оқудың жиырма артықшылығын біле жүріңіз

Алламен сырласудың қандай артықшылығы барын білесіз бе?

Әр мұсылман намазды өз игілігі үшін оқиды. Мүмін адамның Алла алдында алақан жайып, жаратушыдан сүйеніш күтуінің жиырма артықшылығын біле жүріңіз.
1. Намаз — адамды Алланың сүйікті құлына айналдыратын құлшылық.
2. Намаз — періштелердің жақсы көретін амалы.
3. Намаз — Пайғамбардың (ﷺ) сүйікті ісі.
4. Намаз — дұғаның қабыл болуының негізі.
5. Намаз — барлық игі істердің төресі.
6. Намаз — ризық-несібенің, берекенің көзі.
7. Намаз — құл мен Жаратушы арасындағы нәзік сыр.
8. Намаз — адамды кемелдікке жетелейтін амал.
9. Намаз — арсыздық пен жамандықтан тыюшы.
10. Намаз — дұшпандардан қорған болатын құрал.
11. Намаз — оған Алланың лағнеті болғыр шайтанның ең жек көретін ісі.
12. Намаз — жүрегіңе тыныштық орнатып, жаныңа рахат сыйлаушы құлшылық.
13. Намаз — тозақ отынан қалқан.
14. Намаз — таразыда ауыр тартатын, сауап жинап беретін амал.
15. Намаз — адамның иман деңгейінің көрсеткіші.
16. Намаз — күнәларды төгетін, ойың мен бойыңды тазалайтын құлшылық.
17. Намаз — дәрежеңді көтеретін ғибадат.
18. Намаз — Қияметте ең бірінші сұралатын амал.
19. Намаз — Алланың кешіріміне жеткізетін ғибадат.
20. Намаз — Жәннаттың кілті, діннің тірегі!
http://kyn.kz/


21 наурыз 2020 ж. 1 066 0