Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Намаз оқымайтындар ше": Мешіттегі намазхандарға ғана арналған көлік тұрағы түсінбестік туғызды

"Намаз оқымайтындар ше": Мешіттегі намазхандарға ғана арналған көлік тұрағы түсінбестік туғызды

Еліміздегі мешіттердің бірінің қақпасындағы тақтайша жұрттың түсінбестігін тудырды. Онда көлік тұрағының тек намаз оқитын адамдарға арналғаны жазылған,

Мешіт қақпасындағы тақтайшада «Намазхандарға арналған тұрақ» деп анықтап жазылған. Бұл жазу тұрғындардың түсінбестігін тудырды. Сонда намаз оқымайтын жандар тұраққа көлігін қоя алмай ма?
Мән-жайды анықтау үшін ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне хабарласып көрдік. Алайда діни басқармадағылар мұндай тақтайшаның қай өңірдегі мешітте орнатылғанынан хабарсыз болып шықты.
«Бұл суретті бірінші рет көріп тұрмыз. Тіпті, қай қалада түсірілген сурет екенін айту қиын. ҚМДБ намазхандар үшін арнайы тұрақ ашпағанын мәлімдейді. Суреттегі тұрақ мешіттің өзіне тиесілі болуы мүмкін», - дейді ҚМДБ баспасөз қызметіндегілер.
http://stan.kz
19 маусым 2019 ж. 751 0