Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аурухана бөлмесінде намаз оқыған дәрігер сот алдында жауап берді

Аурухана бөлмесінде намаз оқыған дәрігер сот алдында жауап берді

Ақмола облысында аурухана бөлмесін намазханаға айналдырған деп айыпталған дәрігер ақталып шықты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның дін істері агенттігі Ақмола облыстық мемлекеттік ауруханасының анестезиология және кардиохирургия бөлімінің 33-жастағы меңгерушісіне қатысты «діни әдет-ғұрыптарға қойылатын талаптарды бұзу туралы» әкімшілік хаттама толтырды.
Олардың нұсқасына сәйкес, дәрігер ешқандай келісім мен тіркеусіз қызметтік кеңсесін намаз бөлмесі ретінде ұйымдастырып алған. Онда ол намаз оқып, діни материалдар мен заттарды сақтаған.
Көкшетау қаласының әкімшілік соты қылмыс жасағының болмауына байланысты намазхан дәрігерге қарсы қозғалған істі тоқтатты. Себебі облыстық аурухана мемлекеттік мекемеге жатпайды екен.
Дегенмен, прокуратура бұл шешімге қарсылық көрсетіп, ҚР «қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік сектор Ақмола облыстық ауруханасына кіретін мемлекеттік меншікке негізделген ұйымнан тұрады, деп апелляциялық шағым түсірді.
Сот отырысында дәрігер К. өзінің жұмыс жүктемесіне байланысты барлық дәрігерлер демалу үшін пайдаланатын бөлмеде жалғыз намаз оқығанын түсіндірді. Сондай-ақ, кеңес өткізуге арналған ординаторлық бөлме барын атты. Дәрігердің екі куәгері намазды меңгерушінің кеңсесінде немесе ординаторлық бөлмеде оқитындарын айтып өтті.
Апелляциялық сот діни сенім бостандығына негізделіп, дәрігерлердің кеңседе әртүрлі уақытта намаз оқуын намазхана ұйымдастырды деп қарастыруға болмайды және жергілікті атқарушы органдарда тіркелуге жатпайды деп шешті.
Stan.kz
18 қазан 2018 ж. 1 675 0