Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы 3 миллионды қайырымдылыққа жұмсамақ

«Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы 3 миллионды қайырымдылыққа жұмсамақ

Астанада өткен 21-ші жыл сайынғы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған 16 жастағы атыраулық бойжеткен Альфия Ерсайын өзіне берілген 3 млн теңгені қайырымдылық мақсатта жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жеңгеніме өте қуаныштымын. Мен осы жеңіс үшін талпындым, алдыма мақсат қойдым және мақсатыма жеттім. Қолдау көрсеткен ата-анама, атыраулықтарға, жақын туыстарым мен достарыма алғысымды айтамын. «Әлем ару» байқауына бару мен үшін өте үлкен мүмкіндік және жауапкершілікті талап етеді. Қазақстанды бұл байқауда өте жоғары деңгейде көрсетемін деген ойдамын. Ал маған берілген қаржылай ақшаны ең алдымен қайырымдылық қорына, балалар үйіне, қарттар үйіне, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу мақсатында жұмсағым келеді», — деді 2018 жылғы «Қазақстан аруы» атанған Альфиа Ерсайын.
Еске сала кетсек, сұлулық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 30 бойжеткеннен қазылар алқасы үздік бестікті таңдап алып, содан соң қазақстандықтар тікелей эфир арқылы өткен онлайн және SMS дауыс беру арқылы 2018 жылғы «Қазақстан аруын» таңдаған болатын.
ІІ вице-мисс атағын «Семей аруы» Динара Баймұратова, ІІ вице-мисс атағын астаналық Маймуна Кулькешова, І вице-мисс атағын «Қарағанды аруы» Екатерина Дворецкая, 16 жастағы «Атырау аруы» Альфия Ерсайын «Қазақстан аруы 2018» атанды. Жеңімпаз аруға тәжді былтырғы жеңімпаз қызылордалық Гүлбану Әзімханова тапсырды.
Байқау билеттерін сатудан түскен барлық ақша Астанадағы қайырымдылық шараларға жұмсалды.








Baq.kz

01 сәуір 2018 ж. 1 463 0