Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман сәуір айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Маман сәуір айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова сәуір айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дүрбелең күшейеді

Маманның айтуынша, сәуір айының басы – өте күрделі кезең. Әлемде көшбасшылар, жалпы әр адам билеп-төстеуге, үстемдікке ұмтылады.
"Адамдардың өз-өзіне сенімі артып, олардың бойынан табандылық, қайсарлық, өктемдік, агрессивтілік байқала бастайды. Дау-жанжал артады, адамдар кедергілерге тап болып, қателіктерге ұрынуы мүмкін. Құдды, бәрі сөз байласып, бірін-бірі әдейі аяқтан шалып жүргендей әсер қалдырады", -дейді Әбдірайымова.
Астролог ай басында қоғамда жағдай тұрақсызданатынын болжады. Құқықбұзушылық өсіп, теракт, төбелес, билікке қарсы наразылық, заң өкілдерімен қақтығыстар орын алуы ғажап емес.
"Сәуірде коронавирусқа байланысты дүрбелең күшейеді. Осы айдан кейін бәсеңдеп, жазға қарай тынышталады", - деді маман.

Сәуірде кімдердің жолы болады

"Айдың 14, 15, 16 күндері туған Бикеш, Сарышаян, Торпақ, Балықтар үшін жақсы кезең. Қаржылық істерде олжаға кенелуі мүмкін, ірі ұтыс күтіп тұр. Саяси және қоғамдық қызметке қолайлы уақыт",  - деп кеңес берді Әбдірайымова.
Ал Шаян, Таразы және Тоқтылардың жан-дүниесінде трансформация жүреді, тобырдан аулақ болып, өз күшін асыра бағаламаған абзал.
"1-2 сәуірде айдың 23 күні туған адамдардың тісі ауыруы мүмкін. Бірақ бұл уақытта тіс жұлуға кеңес бермейміз", - дейді астролог.
Бұдан бөлек, ол дін тақырыбындағы тартыстардан аулақ болуға шақырды.
3-4 сәуір аралығында ұмытшақтық байқалады, ой сан-саққа жүгіріп, ісіңіз алға баспайды, қателік көп жасайсыз.
Әбдірайымова бұл уақытта адамдар құжаттары мен іскерлік қағаздарын жоғалтып алуы мүмкін екенін ескертті. Сақ болмасаңыз, ұрылар мен алаяқтардан зардап шегуіңіз мүмкін.
"Көлік апаты жиілейді, сол себепті ішімдіктен аулақ болыңыз. Әсіресе бұл айдың 9 -10 күндері туған Балық, Бикеш, Егіздер мен Мергендерге қатысты", - дейді ол.Есесіне, 4 сәуірде басталған қос ғашықтың қарым-қатынасы ұзақ уақытқа созылып, махаббаты баянды болмақ.

"Ұшаққа отырмаңыз"

"7-8 сәуір аралығы – ақыл-ой жұмысы үшін өте жақсы уақыт. Бірақ бұл кезеңде біз ашуға тез берілеміз, апаттар мен жазатайым оқиғалардың саны артады, техника істен шығады, байланыс бұзылады, табиғи апаттар орын алуы мүмкін. Ірі әуе компанияларының банкротқа ұшырағанын естисіз. Сол себепті бұл күндері ұшаққа отырмаңыз, әуе апатына ұшырауыңыз мүмкін", - деп ескертті Әбдірайымова.
Сонымен қатар, ол от, электр энергиясын, қаруды пайдаланған кезде, абай болуға кеңес берді.
"Қоғамдық орындардағы жарылыстардан, тәртіпсіздіктерден, наразылық пен ереуілдерден сақтану керек. 21 сәуірде аздап күйзеліске түсуіміз мүмкін. 24-25 сәуірде дау-жанжалдан аулақ болыңыз. Ал 26 сәуірде саяхатқа, экспедицияға шықпаңыз", - деді қазақстандық маман.
Астрологтың болжамынша, сәуірдің ортасынан соңына дейінгі аралықта бойдақтар өз теңін табады. Ал іскерлік қарым-қатынас махаббатқа ұласуы мүмкін.
Бұдан бөлек, қосымша табыс табуға, косметологқа баруға қолайлы кезең.
01 сәуір 2020 ж. 554 0