Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

6 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бейбітшілік пен даму үшін халықаралық спорт күні
2013 жылы 23 тамызда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Кез келген елде спорттың алуан түрін насихаттайтын спорттық қоғамдастықтар бар. Спортпен шығу тегі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан әрбір адам шұғылдана алады. Ал спорттық шаралардың алуандығы және ерекше сипаты бейбітшілікті дамытып, нығайта түсетін маңызды факторға айналды.
Дүниежүзілік үстел теннисі күні
Алғаш рет 2015 жылы аталып өтті. Жаңа спорттық датаның бекітілуіне Халықаралық үстел теннисі федерациясы (International Table Tennis Federation, ITTF) мұрындық болды. Мақсат – аталмыш спорт түрін кеңінен таныту, оны әртүрлі елдерде дамыту, тенниспен айналысатын адамдарды біріктіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
1992 жылы Казақстан Республикасы мен Канада, Казақстан Республикасы мен Палестина дипломатиялық қатынастарды орнату туралы ноталарымен алмасты.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Шеврон» (АҚШ) мұнай корпорациясының басқарма төрағасы Кеннет Дерр «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды.
«Теңізшевройл» – Қазақстандағы мұнай және газ өндіретін ең ірі компания.
1994 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары басталды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Жапония императорымен, Премьер-министрімен, сондай-ақ Жапонияның саяси қайраткерлері және іскерлік орта өкілдерімен кездесті. Келіссөздер қорытындылары бойынша КСРО мен Жапония арасындағы келісімдер мен шарттарды мойындау туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылып, ноталар алмасылды.
1995 жылы Қарағанды қаласында ғалым Ебіней Бөкетов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
1999 жылы Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентінде батыр, шешен, Балпық биге ескерткіш орнатылды.
06 сәуір 2020 ж. 645 0