Төтенше жағдай: Қызылордада 17 адам той жасаған

«Төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде ұжымдық, отбасылық, барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынған. Соған қарамастан 17 адам үйлерінде саны 50-ден асатын адам жинап той өткізген. Оның екеуі Қызылорда қаласында тіркелсе, аудандар бойынша Аралда – 2, Қазалыда – 5, Қармақшыда – 3, Жалағашта – 1, Шиеліде – 2, Жаңақорғанда – 2 жағдай кездесті», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.