Қызылордада тротуарда көлік жүргізген тұрғын жазаға тартылды

Бұл келеңсіз оқиғаның орын алғанын Facebook желісінде Жасұлан Болатбекұлы жариялады. Оқиғаны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оған байланысты төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталмыш оқиға бойынша «ВАЗ -21099» автокөлік жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 4-бөлігі, 595-бабының 2-бөлігі және 597-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Сонымен қатар, көлік жүргізушісіне бұған дейiн 2019 жылғы 14 қазанда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 5-бөлігімен әкімшілік шара қолданылған болатын», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды.