Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

16 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық цирк күні.
Жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде атап өтіледі. 2009 жылы Еуропалық цирк қауымдастығы мен Дүниежүзілік цирк федерациясы бұл мерекені құруға бастамашылық еткен. Ол кезде бүгінде 21 цирк кіретін Еуропалық цирк қауымдастығының президенті Урс Пилс пен ханшайым Стефания барлық циркке Халықаралық цирк күнін жыл сайын мерекелеу бастамасын қолдауды ұсынды. Содан бері көптеген елдерде жылда атап өтіледі.
1934 жылы Кеңес Одағында 1934-1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілетін ең жоғарғы атағы – Кеңес Одағының Батыры КСРО Орталық Атқару комитетінің қаулысымен бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен берілді. Кеңес Одағының Батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын екінші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Ал Кеңес Одағының Батырын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде орнатылды. Кеңес Одағының Батыры атағын алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегі адамдарды құтқарушы ұшқыштар болды. Қазақстандықтардың ішінен ең алғашқы Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыш П.Шевцовқа Испанияда фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атанды. Кеңес Одағы тұсында аталмыш атаққа 12500-ге жуық адам ие болды.

1999 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында Жаңақұрылыс ауылдық округі құрылды.


1999 жылы Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қытай және ағылшын тілдерінде шығарылған «Қазақстан – 2030» кітабының тұсаукесері өткізілді.

2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «Тұрғын-үй жинақ құрылыс банкі» ЖАҚ құрылды.

2009 жылы Бейжіңдегі Дяоюйтай мемлекеттік резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қытайдың Олимпиада комитетінің жоғарғы сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті. Қытайдың Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң құрмет белгісі 2008 жылдың тамызында бекітілген және олимпиадалық қозғалыстың дамуына, спорт пен салауатты өмiр салтына өз үлестерін қосқаны үшін берiледi.

2010 жылы Грозный қаласының №1 лицейіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атынан лицейге «Ford» шағын автобусы, кітапхана, сондай-ақ компьютерлік сыныпқа арналған интерактивті тақта табысталды.
https://kyzylorda-news.kz/

16 сәуір 2020 ж. 668 0