Ауа райы: Жұма күні Қызылорда облысында жел күшейеді
17 сәуірде жұма күні Қазақстанда күн райы ашық, тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон жотасының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысына Финляндия аймағынан циклонның жырасы жылжиды, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жердерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауылмен, бұршақ күтіледі», делінген ауа райы болжамында.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
https://kyzylorda-news.kz/