Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ADALDYQ ALAŃY» ҚЫЗМЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАНЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

«ADALDYQ ALAŃY» ҚЫЗМЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАНЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігі «Adaldyqalańy»жобасының2020 жылғы І тоқсандағықызметініңқорытындысынминистрліктердің жауапты хатшылары, Агенттіктің аумақтық департаменттері басшылары, жоба жетекшілері – облыстармен қалалар әкімдері орынбасарларының, ел өңірлеріндегі және орталық мемлекеттік органдардағы «Adaldyq alańy» басшыларының қатысуымен онлайн форматта шығарды.«Adaldyq alańy» – өзара іс-қимылдың бірегей ортасы
Бүгін «Adaldyq alańy» жобасы–мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының бірегей алаңы. Осы жоба аясында іске асырылған мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есептілігі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою үшін жағдай жасады.
Агенттікпенпарасаттылық инфрақұрылымын құру аясында 14 аймақта «Антикор» орталықтары ашылды.
«Antikor ortalygy» –барлық адамдар өздерін мазалаған мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңестер алатын, сондай-ақ азаматтық бастамалар алаңы.
«Adaldyq alańy»: мемлекеттік аппараттың трансформациясы
Open space форматына көшу мемлекеттік органдарды трансформациялау критерийлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта елімізде жалпы 1107 мемлекеттік мекемежаңа форматта қызмет етсе, оның 150-і ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындаауысқан.
Өткен кезеңде 97 мемлекеттік мекемежұртшылықпен жұмыстың сервистік моделіне көшіп, 296 басшы бірінші қабаттарға көшірілген.
Азаматтардың 70%-ы өз мәселелерін оң шешті
Ағымдағы жылдың басынан бері 2933 азамат жобалық кеңселерге жүгінген. Олардың 70% - ы өз сұрақтарын оң шешті.
Осылайша, «Ertis – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің көмегімен Павлодар облысында көп балалы отбасына мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру және фермерлік шаруашылықты субсидиялау мәселесі шешілді.
«Qyzyljar – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша науқастарды қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін оң шешіп берді.
Жобалық кеңселерді жетекші сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары басқарады
Бүгінгі күнде «Adaldyq alańy»  кеңселері министрліктерде ашылған, оларды ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі О. Құдайбергенов, «Еуразиялық инновацияларды дамыту қоры» ҚФ негізін қалаушы және директоры Б. Қасымов, «КАЗГЮУ» университетінің Басқарма Төрағасы Т.Нәрікбаев және қоғам қайраткерлері А. Соловьева, А. Сүлейменов, М.Қамзолдаев және М. Дуанбеков сияқты өз салаларындағы жетекші сарапшылар басқарады.
Эфирде«Adaldyq alańy»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамда түрлі құралдар қолданылады. Өңірлік телеарналарда «Adaldyq alańy» арнайы телебағдарламаларының апта сайын шығуы ұйымдастырылған.
Ал өңірлік басылымдарда «Adaldyq alańy» арнайы айдарлар жүргізіледі.
 «Adaldyq alańy»ұсынған «Шок терапиясы»
Есепті кезеңде «Adaldyq alańy» жобасының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу бойынша жұмысы аясындабасшы буындағыларды қосқанда,6,2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшігебас бостандығынан айыру орындарына саяхатқа барды.
«Adaldyq alańy» ТЖ кезеңінде
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің қызметі қайта жаңғырдыі.
Жобалық кеңселердің өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыс туралы халықты онлайн хабардар етуді, сондай-ақ баға мониторингін жүргізуді қолға алды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бірқатар өңірлерде азық-түлік тауарларының бағасы 30-40%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, карантиндік блок-бекеттердің тұрақты онлайн-мониторингті қамтамасыз ету мақсатында жобалық кеңсеге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағыблок-бекеттер аумағында орнатылған бейнекамераларға рұқсат берілгенін атап өту керек.
Бұл мониторингті қашықтан жүзеге асыруға және сол арқылы осы блок-бекеттердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жоюға мүмкіндік берді.
21 сәуір 2020 ж. 283 0