Әскерилер қайрымдылық жасады

– Біз ел басына түскен сын сағатта барынша қолдау көрсетіп, қиындықтан бірге шығуға атсалысуды азаматтық парызымыз деп білеміз. Сол үшін Арал қаласындағы әр түрлі әлеуметтік топ өкілдеріне тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік алып беріп қолдау көрсеттік. Оның ішінде жалғызбасты қариялар мен көпбалалы отбасыдар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен отбасылар бар, - дейді 10216 «Ж» әскери бөлім командирінің орынбасары капитан Дархан Елеулиев.
«Біз біргеміз-берік іргеміз» деп ұрандатқан әскери қызметкерлер әрбір жанұяға арнайы барып, жағдайымен танысып қайтты. Өздерін жасалған қамқорлыққа риза болған жандар да алғытарын жеткізіп, қариялар батасын берді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қазақта жақсы сөз бар. Аталған әскери сала қызметкерлері мұндай қайырымдылық шарасының алдағы уақытта да ұдайы жалғасын табатындығын жеткізді.
Назерке Бақыран