Көңілдегі сенімді нығайта түсті

Иә, қай кезден де мемлекеттің басты міндеті – азаматтардың денсаулығы болып табылады. Сол себептен ұлттың саулығын ойлаған Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Ел Президентінің: «қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деген сөзі барша қазақстандықтың көңіліне қуаныш ұялатып, көңілдегі сенімін одан әрі нығайта түсті.
Алдағы міндет, індетпей күресу жолында баршамыз жұдырықтай жұмылып, талапты орындау ғана. Елдегі көрсеткіштерден байқап отырғандай көбі кетіп азы қалған тұста сабыр таныта білейік, ағайын.
М. Сұлтанов,
Қала тұрғыны.