Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 30 сәуір – 2 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Мереке күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын тез өзгеретін атмосфералық процестер анықтайды. Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріне циклон әсер етеді, салдарынан кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Бірақ республиканың батыс бөлігіне Қара теңізден келетін антициклон әсер ете бастайды. Ол шығысқа қарай ығысып, жауын-шашынның тоқтауына және республиканың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
https://kyzylorda-news.kz/
30 сәуір 2020 ж. 508 0