Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 9-13 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. "Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарында күндіз ауа температурасы плюс 30-38 градусқа дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі", - делінген хабарламада.  Мамандардың айтуынша, оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз. Аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.
kaz.tengrinews
08 мамыр 2019 ж. 821 0