Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Бойыңыздағы күш-жігеріңіз бен батылдығыңыз оң нәтижесін береді. Жұмысты үйден шықпай-ақ істей аласыз. Сіз жетістікке де, бақытқа да өз күшіңізбен жететін жансыз. Сондықтан кездейсоқтыққа сенбеңіз.
Торпақ
Бүгін қаржылық жағдайыңыз тұрақты емес. Кірісіңізден бұрын шығысыңыз көп. Жалпы ақшаңызға сақ болыңыз. Жоғалтып алу қаупі бар. Не болмаса валюталық қызметтер кезінде мұқият болыңыз.
Егіздер
Жолыңыз әркез болады деп айту қиын. Бірақ сіз бұл қиындықтарға мойынсұнбайсыз. Біліктілігіңіздің және мол тәжірибеңіздің арқасында барлық мәселелерді оң шешіп, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.
Шаян
Бүгінгі күнді жақындарыңыз бен сүйіктіңізге арнаңыз. Олардың сіз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, оларға қамқор болыңыз. Егер біреуді ренжіткен болсаңыз, кешірім сұраңыз. Сізді міндетті түрде кешіреді.
Арыстан
Жақын адамдарыңыздың бірі сізді қатты ренжітуі мүмкін. Қатты реніштен денсаулығыңызға да зиян тиеді. Сондықтан көп тынығып, тек жақсылық ойлаңыз. Тәттіден бас тартпаңыз.
Бикеш
Жұмыс ауыстырмаңыз. Себебі дәл қазіргі сәтті орын ауыстыру сіздің күш-жігеріңізді сарқып алады. Сонымен қатар жақсы жетістікке жетуге кедергісін келтіреді.
Таразы
Қызықты жол сапарға шығуға, басқосулар өткізуге, ғылыми жобаларға қатысуға қолайлы күн. Туған жерден алыстап кетуге де болмайды. Өз өлкеңіздің сіз білмейтін сырларымен танысып, кішігірім саяхат жасап қайтыңыз.
Сарышаян
Жақындарыңыздан немесе достарыңыз тарапынан сізге көмек қолын созатындар болады. Бірақ тек өзіңізге ғана сеніңіз. Өзіңіз дұрыс деп тапқанды орындауға тырысыңыз.
Мерген
Тағдырдың түрлі сынағы таусылған емес. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» демекші, аңдаусызда айтылған сөздің кесірінен жақындарыңыздың жанын жаралап аласыз. Әрбір сөзіңізге абай болыңыз.
Тауешкі
Материалдық жағдайыңызды қадағалап отырыңыз. Бүгін маңызды мәселелерді шешуге, басшылыққа өтінішпен кіруге, жұмыс ауыстыруға қолайсыз күн. Арандатушыларға ермеңіз.
Суқұйғыш
Бала күннен қалған сырқаттарыңыз сыр беруі мүмкін. Сондықтан денсаулығыңызға мән беріңіз. Сонымен қатар бүгін уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.
Балықтар
Бүгін өте қаталсыз, әрі ашушаңсыз. Сондықтан болар жаныңыздағыларға дөрекілік танытасыз. Сондықтан жақындарыңызбен тығыз қарым-қатынас орнатпаңыз. Шыдамсыз, сабырсыз мінезіңізден опық жеп қалмаңыз.
07 мамыр 2020 ж. 571 0