Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "42 500 теңге" төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.

"42 500 теңге" төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.

7 мамырдағы жағдай бойынша 2,1 млн қазақстандық төтенше жағдай режимі (бұдан әрі – ТЖ) кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды, - делінген хабарламада.
Осы бағытта жұмыс жалғасуда.
Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады.
Естеріңізге сала кетейік, "42 500 теңге" төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 млн адам алды.
https://baq.kz/news/

08 мамыр 2020 ж. 493 0