Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

10 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

kyzylorda-news.kz 1994 жылы «Сабин металл корпорейшн» (АҚШ) корпорациясы зауытында республикадағы тұңғыш платина құймасы алынды. Тазалығы 99,95, жалпы салмағы 14 келі болатын алғашқы өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоймасына өткізілді.
1998 жылы Алматыда Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) V саммиті өтті. Саммитте көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басты бағыттары анықталған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Алматылық декларациясы қабылданды.
2007 жылы «Бурабай» ұлттық бағының орманды алқабында орналасқан, Қотыркөл көлінің жағасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның емдік-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі заманға сай жобамен салынған емдеу орталығында компанияның мыңдаған қызметкерлері мен зейнеткерлері өздерінің денсаулықтарын жақсарта алады. Шипажайда демалу, жүрек-қолқа және тірек-қимыл жүйелері аурулары бар адамдарға барлық мүмкіндіктер жасалған.
2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердымухамедов Ақордадағы келіссөздер барысында Ақтауда Түрікменстан және Түрікменбашыда – Қазақстан консулдығын ашу туралы келісім жасасты.
10 мамыр 2020 ж. 432 0