15 мың теңге: Өтініш беруге арналған сайт ашылды
BAQ.KZ. Коммуналдық қызмет үшін 15 мың алуға арналған сайт ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы хабарлады.
Өтемақы алу үшін Komtolem.kz сайтына өту керек.
Алдымен жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.
Жүйе өтініш берушінің тізімде бар-жоғын тексереді.
Егер тұрғынға өтемақы берілуі тиіс болса, бірақ жеке сәйкестендіру нөмірі базада болмаса, +7 (7172) 28 09 59 нөміріне хабарласу керек.
Сайтта өтінішті @KOMTOLEM_BOT Telegram-боты арқылы жіберуге болатыны жазылған.
Шындыққа жанаспайтын ақпарат берілгені үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі. Қылмыстық кодекстің 190-бабына ("алаяқтық", айыппұлдан бастап екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған) және 195-бабына ("алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру", айыппұлдан бастап 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған) сәйкес жауапқа тартылады.
https://baq.kz/