Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төленген әлеуметтік төлемдер туралы

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төленген әлеуметтік төлемдер туралы

Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы (МӘСҚ) 2020 жылдың І тоқсанында 21 108 алушыға жалпы сомасы 1,9 млрд.теңге әлеуметтік төлемдер жүргізді, оның ішінде:
- еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем бойынша 148 940,4 мың теңге сомаға 2 935 адам;
- асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем бойынша 148 464,3 мың теңге сомаға 2 216 адам;
- жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем бойынша 64 124,04 мың теңге сомаға 1 424 адам;
- жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем бойынша 720 280,4 мың теңге сомаға 2 484 адам;
- Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем бойынша 908 883,0 мың теңге сомаға 12 049 адам әлеуметтік төлем алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай (ТЖ) енгізілу кезеңінде шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қорғау (карантин режимі енгізілген) жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап кірісінен айырылуы жағдайына 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүргізілуде.
Бұл ретте, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жұмыскерлеріне аталған төлем төленбейді.
Қызылорда облысы бойынша 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындауға 200 722 өтініш түсті, жалпы сомасы 8,1 млрд. теңге сомаға, барлығы 191,6 мың адамға тағайындалды.
Осылайша, ТЖ кезеңінде МӘСҚ қаржысы есебінен халыққа айтарлықтай әлеуметтік көмек көрсетілді. Жұмыс берушілер олар үшін МӘСҚ уақтылы
әлеуметтік аударымдар төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары аталған төлемді уақтылы және толық көлемде алды.
Сонымен қатар, біздің өңір бойынша 5 758 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылды.
Бас тартудың негізгі себептері:
- ТЖ енгізілгенге дейін соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ әлеуметтік аударымдардың түспеуі;
- екі және одан да көп жұмыс берушіден табыс алуы, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, еңбек немесе кәсіпкерлік жұмысын жалғастырған (оның ішінде қашықтықтан жұмыс істеген) немесе төленетін демалыс берілген/ төленетін жұмыстарының бірі тоқтап тұрған жағдайда;
- алушылардың бюджеттен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы, сондай-ақ МӘСҚ әлеуметтік төлемнің басқа да түрін алуына байланысты болып отыр.
42500 теңге - әлеуметтік төлем ТЖ кезеңінде кірісінен айырылуы жағдайына тағайындалады.
Осыған байланысты, аталған төлемді тағайындауға өтініш бергенде ТЖ кезеңінде кірісінің болмауы туралы жалған ақпарат бергені үшін әрбір азамат жауапты болады.
Біздің өңір бойынша 1886 (адам) адал ниетті алушылар аталған төлемді ТЖ кезеңінде кірістерінің болуына байланысты өз еріктерімен қайтарды.
Тұтастай алғанда Қызылорда облысы бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалының 6 қызметкерлері, ТЖ кезеңінде халықты әлеуметтік қолдауға өз үлестерін қосты.
Жалпы экономикалық және әлеуметтік тәуекелдер аяқ астынан болуы мүмкін, сондықтан сақтандырылған адам жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда басымдыққа ие болады. Егер жұмысқа тұрғанда әрбір азамат ресми түрде еңбек шартын жасаса, онда жұмыс беруші автоматты түрде өзінің қаржысы есебінен МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төлейтін болады және әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда аталған азаматтар мемлекеттен тиісті әлеуметтік көмек алатын болады.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ www.gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпарат алуға болады.
Қызылорда облысы бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалы облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы (МӘСҚ) 2020 жылдың І тоқсанында 21 108 алушыға жалпы сомасы 1,9 млрд.теңге әлеуметтік төлемдер жүргізді, оның ішінде:

Қызылорда облысы бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалы
15 мамыр 2020 ж. 537 0