Заңнамаға енгізілген өзгерістер және әлеуметтік төлемдер мөлшері туралы
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің туындауына байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзінөзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты халықтың әлауқатын арттыру болып табылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік тәуекелдердің алты түрі бойынша әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асырады, атап айтқанда, еңбек ету қабілеттілігінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері мен еңбек өтілінің арасындағы байла- нысты нығайту үшін жасалған. Сонымен қатар жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) негізгі бағыты МӘСҚ еңбекке қабiлеттіліктен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарауға бағытталған. Бұл ретте, 2020 жылдан бастап, әлеуметтік төлемдер мөлшерін анықтаған кезде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде 5 жылдан астам қатысу өтіліне әр жыл үшін жүйеге қатысу өтілінің коэффициенті 2% -ға артты. Мысалы, егер Заңның бұрынғы редакциясы бойынша, 5 жыл немесе 10 жыл жүйеге қатысу өтілі бар азаматтар үшін, әлеуметтік төлем тағайындағанда коэффициент – 1 деп алынса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бұл азаматтар үшін коэффициент – 1,10 деп есептелінеді. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін жоғарылату мақсатында, әлеуметтік төлемдердің мөлшері медициналық-әлеуметтік сараптама нақты белгілейтін жалпы еңбек ету қабілеттілігінен айырылу денгейіне сәйкес, атап айтқанда 30% -дан 100%-ға дейін анықталатын болды. Мәселен, егер бұрын 95% еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі үшін 0,7 коэффициенті қолданылса, енді жаңадан ол 0,95 болады. Мысалы, орташа айлық табысы 150 мың теңгені құрайтын, жүйеге 10 жыл қатысу өтілі бар және жалпы еңбек ету қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 95% болып белгіленген жұмыскер үшін төлем мөлшері жаңа параметрлерді ескере отырып 53 183 теңгеден 79 394 теңгеге дейін өсті (өсім 49,3%). Сонымен бірге аталған жұмыскер 1-топтағы мүгедек үшін 59 872 теңгені құрайтын, мүгедектігі бойынша бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады, сәйкесінше жүйеге қатысушы үшін төлемнің жалпы сомасы 139 266 теңгені құрайды (бюджет және МӘСҚ). Осылайша, жұмыс істеген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болған адам екі жерден (бюджеттен және МӘСҚ) төлем алады, ал жұмыс істемеген адам тек бюджеттен ғана алады. Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында Заңда асырауындағылар санының коэф- фициенті арттырылды: 1) асырауында бір адам болса 0,4-тен 0,5-ке дейін; 2) асырауында екі адам болса 0,5-тен 0,65- ке дейін; 3) асырауында үш адам болса 0,6-дан 0,8-ге дейін; 4) асырауында төрт және одан да көп адам болса 0,8-ден-1,0-ге дейін. Бұл төлем түрінде де, егер қайтыс болған азамат жұмыс істеп, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болған жағдайда, оның отбасы мемлекеттік бюджеттен және Қордан төлем алады. МӘСҚ еңбек ету қабілеттілігінен айыры- луы және асыраушысынан айырылуына бай- ланысты әлеуметтік төлемдер ұзақ мерзімге төленетін төлемдер болып табылады. Жалпы, еңбек ету қабілеттілігінен айы- рылу дәрежесі шексіз белгіленген жағдайда еңбек ету қабілеттілігінен айырылуы бойын- ша әлеуметтік төлем азамат зейнеттік жасқа жеткенге дейін төленеді, ал, асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал оқу орнының күндізгі бөлімнің студенті болған жағдайда, оқу бітіргенше, бірақ 23 жастан аспайтын мерзімге дейін төленеді. Сонымен қатар жаңа редакциядағы Заңымыз жұмысынан айырылған және белсенді түрде жұмыс іздеумен айналысып жүрген адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруды көздейді. МӘСҚ жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем жұмысынан айырылған және тұрғылықты жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға тағайындалады. Егер бұрын жұмысынан айырылуы бойынша табысты алмастыру деңгейі соңғы екі жылда орташа табыстың 30 % құраса, ал жаңа Заң бойынша бұл көрсеткіш 40% дейін арттырылды және де бұрын төлем 1 айдан 4 айға дейін тағайындалса, ал 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Бұл ретте, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға еңбек ету қабілеттілігінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы және жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алушылардың барлығына бірдей, әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа параметрлерін қолданылып, төлем мөлшерлері қайта қаралды. Сондай-ақ жаңа редакциядағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңымен проактивті түрде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету көзделген. Проактивті принцип әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру сипатынан біртіндеп бас тарту және хабарлама жіберу жолына көшуді білдіреді. Бұл жағдайда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында деректер алмасу жолымен азамат- тардың тиісті жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға құқықтары өзекті болады. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында Заңда ҚР Үкіметінің шешімі негізінде олардың мөлшерін жыл сайын арттыру көзделген. Осылайша, ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындау параметрлерін өзгертуге байланысты арттырумен қоса, әлеуметтік төлемдер мөлшерлері 5% арттырыл- ды. Тұтастай алғанда, Республика бойынша еңбек ету қабілеттілігінен айырылуы бойын- ша 76 мың алушыға және асыраушысынан ай- ырылуы бойынша 45 мың алушыға әлеуметтік төлемдер мөлшері қосымша 5% артты. Тұтастай алғанда, жаңа редакциядағы Заң азаматтардың жұмыспен қамтылуын заңдастыруға, олардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын ынталандыруды және жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруды көздейді. Сонымен қатар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ www.gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпарат алуға болады.
Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы