Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Өзіңізді керемет сезінесіз. Бақытты екеніңізді бүкіл әлемге паш еткіңіз келеді. Айналаңыздағы адамдардың барлығы сіздің жеке өміріңіз туралы білгісі келеді. Өзіңіздің не ойлайтыныңызды жариялаңыз.
Торпақ
Ешкімді ренжітпеңіз. Әр сөзіңізді ойланып, орнымен қолданғаныңыз жөн. Сіздің кей әзілдеріңізді басқалар түсінбей қалуы мүмкін. Сонымен қатар таныстарыңызды әңгімелеудің және басқаларға ақыл айтудың қажеті жоқ.
Егіздер
Күніңіз керемет өтеді. Ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ. Жұмыста да жолыңыз болады. Барлық тапсырманы уақытында орындай аласыз. Сондықтан бос уақытыңыз көп болады.
Шаян
Түске дейінгі уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Барлық жұмысты осы уақытта бітіргеніңіз жөн. Ештеңені кейінге қалдырмаңыз. Егер кеш қалып қойсаңыз бастаған шаруаларды уақытылы аяқтау мүмкін болмайды.
Арыстан
Бүгінгі күн жаман емес. Бірақ сіз ұсақ-түйек мәселелерді ойлап уайымға салынасыз. Егер жоспарларыңыз өзгерсе, еш уайымдамаңыз. Көтеріңкі көңіл-күйіңізді сақтап қалуға тырысыңыз.
Бикеш
Асықпаңыз. Бүгін барлық жұмыс пен тапсырмаларды ойланып атқарғаныңыз жөн. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағиданы естен шығармаңыз. Кім көрінгенге сене берудің қажеті жоқ.
Таразы
Бүгін іскерлік байланыстарды нығайта түсесіз. Кәсібіңізді жандандыруға көмек көрсететін жандармен жолығасыз. Олар сізге біршама ақыл-кеңес айтып, қолдан келгенше қол ұшын созатын болады.
Сарышаян
Жақындарыңызбен көп әңгімелесіңіз. Оларға сіздің көңіл аударғаныңыз қажет. Барынша қолдау білдіріп, жылы сөзіңізді аямаңыз. Олардың кейбір ойларын құптамасаңызда түсіністік танытуға тырысыңыз.
Мерген
Күніңіз сәтті өтеді. Оған өзіңіздің көтеріңкі көңіл-күйіңіз себепші болады. Бұрынғы өкпе-реніштерді ұмытып, тек жақсы ой жетегінде жүресіз. Бұл алдағы жоспарларыңыздың орындалуына септігін тигізеді.
Тауешкі
Ешкіммен ұрыспауға тырысасыз. Көңіліңізді түсірген жағдайларды тез ұмыту үшін бір іспен айналысуды ойлайсыз. Соның арқасында алдағы уақытта табыс әкелетін істі қолға аласыз. Жолыңыз болғалы тұр.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн сіз ойлағандай өтеді. Жұмысыңыз алға басып, қызмет сатысында көтерілесіз. Бұл сізге жауапкершілік жүгін жүктегенмен, сіз бұл қызметті абыроймен атқаратындығыңызға күмән келтірмеңіз.
Балықтар
Жақындарыңызға қоңырау шалып, олардың жағдайын сұраңыз. Көптен көріспеген жандармен кездесіп, қызықты күнді өткізесіз. Ең бастысы бүгін сіздің әлдекімге көмегіңіз тиіп, ол үшін өзіңіз қуанышты боласыз.
19 мамыр 2020 ж. 397 0