Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ветеринариялық қауіпсіздік»

«Ветеринариялық қауіпсіздік»

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында 2020 жылдың 25 мамыр күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен онлайн режимінде департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлымен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық инспекциясының» басшысы Сәрсенбаев Жандос Әбубәкірұлы 2020 жылғы «Ветеринариялық қауіпсіздік» бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы облыс тұрғындарының бірқатар сауалдарына жауап берді.
Тікелей эфир барысында сауықтыру шаралары, ветеринариялық бақылау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер пен сарып індетіне қарсы жүргізілген жұмыстар бойынша тоқталып өтті.
АШЖБ дерек қорында 358,5 мың бас МІҚ, 772,4 мың бас уақ мал, 52,3 мың бас түйе, 151,4 мың бас жылқы, 2,9 мың бас шошқа тіркелген.
Үстіміздегі жылы, облыста эпизоотиялық іс-шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5552,4 мың доза ветеринариялық препараттар қаралған, оның 86,4 пайызы облысқа тасымалданып жеткізілді. Егу жұмыстары қалалық, аудандық ветеринариялық станциялар арқылы жүргізілуде.
Сарып індетіне қарсы 173548 бас МІҚ, 308628 бас уақ мал тексеріліп, нәтижесінде ауру 24 бас МІҚ, 36 бас уақ мал анықталды. Осы ауру малдар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес санитариялық сойылып, қайта өңдеу кәсіпорынына өткізілді.
Жануарлардан алынған сынамалардан құтыру ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты облыста 4 ошаққа Жаңақорған ауданы, Бесарық а/о, Жаңақорған кенті /ит/, Сырдария ауданы, А. Тоқмағамбетов а/о /қасқыр іқм жарақаттаған/ және Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округінде /түйе/ құтыру ауруына шектеу іс-шаралары белгіленіп, «Эпизоотияға қарсы отрядтың» Қызылорда филиалы тарапынан сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп сауықтырылды.
"Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 174 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Осы ветеринариялық сертификат арқылы облысымыздан барлығы 2114 тонна балық және балық өнімдері экспортталды. Оның ішінде Ресей Федерациясына 1548 тонна, Польшаға 130 тонна, Голландияға 16,1 тонна, Қытайға 20 тонна, Литва- 32,4 тонна, Германия – 307,5 тонна.
Қызылорда облысындағы ветеринариялық бақылаудағы объектілерді экспорттаушы кәсіпорындардың РЕЕСТР-іне тіркелген объектілер бойынша: ЕАЭО реестріне – 33 кәсіпорын, Еуро Одақ реестріне– 4 кәсіпорын, ҚХР реестріне – 4 кәсіпорын, Өзбекстан реестріне – 2 кәсіпорын тіркелген.
Ресейден 50 бас МІҚ малдары Жаңақорған ауданы «Амалбек»ШҚ-на импортталды.
Қызылорда облысының полиция департаментімен «Браконьерлікке және мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың 2020-2021 жылдарға
арналған жоспары» келісіліп, бекітілді. Келісілген жоспарға сәйкес қала, аудандарда ішкі істер органымен бірге жұмыс атқарылуда.
ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес ветеринариялық құжатсыз мал тасымалдаған тұлғаларға 32 әкімшілік іс қозғалып, 864 114 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Кездесу соңында департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы көрермендер тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта ANTIKOR.LIVE жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табатындығын атап өтті.
27 мамыр 2020 ж. 530 0