Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 маусым, дүйсенбіге арналған ауа райы

1 маусым, дүйсенбіге арналған ауа райы

1 маусымда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұруы ықтимал. Бірқатар облыста ыстық ауа райы сақталады. Кей өңірде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін,деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақмола, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп,найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді.
Түнде Атырау, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.
Алматы, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында аптап ыстық күтіледі.
Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
baq.kz
01 маусым 2020 ж. 512 0