Ресей Қазақстаннан келетін сүт өнімдеріне бақылауды күшейтеді

Россельхознадзор жүк тауарларына сараптама жүргізу барысында, 2018 жылдың алғашқы үш айында Қазақстаннан Ресейге 4041 тонна сүт өнімі жеткізілгенін анықтаған. Бұл жүктің көлемі соңғы 5 жылда жеткізілген көлемнен жоғары болып саналады.
Осыған дейін Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачев сүт өнімдерін шығаратын беларусьтік кәсіпкерлерге басқа нарық іздеуге кеңес берген болатын.
Дәурен ЕРБОЛАТ
Baq.kz