Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери қызметшілерді үймен қамтамасыз ету тәртіптері өзгеруі мүмкін

Әскери қызметшілерді үймен қамтамасыз ету тәртіптері өзгеруі мүмкін

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мыналарды реттеуге мүмкіндік береді: әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің және әскери қызметтен босатылған адамдардың арнайы шот ашу тәртібі; тұрғын үй төлемдерін төлеу мерзімі және оны тағайындау үшін құжаттар тізбесі; тұрғын үй төлемдерін қызмет еткен уақытына барабар есептеу жүргізу.
Сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету, әскери қызметшіні бір елді мекеннен екіншісіне ауыстыру кезінде ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтата тұру және қайта жаңарту күнін айқындау, ақшалай өтемақы алушылардың, атап айтқанда бөлім жеке құрамының тізімінен шығару сәтінде әскери қызметтен босатылған отбасы құрамын айқындау мүмкіндігі пайда болады.
Атап айтқанда, түзетулер келесі нормативтік құқықтық актілерге енгізіледі:
– 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 «Мемлекетттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы»;
– 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы»;
– 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
– 2018 жылғы 2 наурыздағы № 95 «Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық обьектілердің тізбесін бекіту туралы»;
– 2018 жылғы 2 наурыздағы № 96 «Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық обьектілердің тізбесін бекіту туралы».
 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» https://legalacts.egov.kz. интернет-порталында танысуға болады.
kyzylorda-news.kz
03 маусым 2020 ж. 758 0