Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін мемлекет 52 500 теңгеге дейін ақша төлейтін болды

Қазақстанда азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін мемлекет 52 500 теңгеге дейін ақша төлейтін болды

Мемлекет бір жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсингтік қызмет көрсетуге ниет білдірген компаниялар мен жеке тұлғаларға 35 мыңнан 52,5 мың теңгеге дейін қаржы төлеуге дайын, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі жылдан бері мемлекет жұмыс іздеу және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша аутсорсингтік қызмет көрсететін жеке HR-агенттіктерді тартуда. Жұмысқа сәтті орналастырылған әрбір адам үшін 35 мың теңгеден 52,5 мың теңгеге дейін төленеді. Бірақ көптеген адамдар тіпті жеке тұлғалар осылай табыс табуға болатынын білмейді.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" заңға сәйкес аутсорсингтік қызмет көрсетуге қатысатын үміткерлерге бірдей талаптар қойылады. Заңды және жеке тұлғалардың тиісті жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ қажетті материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс. Ал, жеке тұлғалардың тек бір ғана жалдамалы қызметкері және жеке кәсіпкерлік туралы тіркеуі болса жеткілікті.
Аутсорсинг қатысушылары мемлекеттен бірқатар тиімді ұсыныстар мен артықшылықтарды ала алады:
- Мемлекеттік жұмыспен қамту орталығының мамандары жан-жақты қолдау көрсетеді;
- халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар туралы толық ақпарат береді;
- электронды форматта халықты жұмыспен қамту орталығымен аутсорсинг туралы шартты Электронды еңбек биржасында (www.enbek.kz) жасай алады;
- аутсорсингтік қызмет көрсету аясында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін кепілді төлем алады;
- "Электрондық еңбек биржасы" порталындағы бос жұмыс орындарынын шексіз пайдалана алады.
"Халықты жұмыспен қамту саласында аутсорсингтік қызмет көрсету жаңа бизнесті бастағысы келетіндерге тамаша мүмкіндік. Өйткені қатысу үшін аз қаржы жұмсалады. Шарт бойынша аутсорсингтік қызмет көрсететін агенттік немесе жеке кәсіпкер (ЖК) 30 жұмыс күн ішінде бос жұмыс орнын іздеп табуы керек. Аутсорсинг арқылы жұмысқа орналасқан азаматтар алты айдан кем емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс", - деді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Жұмыспен қамту қызметін дамыту департаментінің директоры Ирина Рубашина.
Оның айтуынша, азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін мемлекет ақы төлеуге кепілдік береді. Тариф көлемі 35 000 теңгеден 52 500 теңге аралығында. Қаржы көлемі жұмыссыздың жұмысқа орналасу қиындығына және оның қала немесе ауылдық жұмыспен қамту орталығында тіркелген орнына байланысты болады.
"Аутсорсингтік қызмет көрсететін компаниялар не жеке тұлғалардың тіркелу орнына ешқандай талаптар қойылмайды, яғни жеке агенттіктер бірнеше өңірлерде және аутсорсинг туралы бірнеше келісім шарт бойынша қызмет көрсете алад",  - деп толықтырды Ирина Рубашина. 

03 маусым 2020 ж. 650 0