"Пәтер беріледі": Қазақстандықтарға "Тұрғын үй қорының" атынан хат түсе бастады


Ұйым ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Тұрғындарды сақ болуға шақырды.
"Тұрғын үй қоры мұндай хат жібермейді. Сондай-ақ, хабарласып, кредитіңізді өтеуді сұрамаймыз. Жалға берілетін пәтер кезегі келсе, тек құжаттарды жаңартып, санатты растау керек. Құжатты рәсімдеуге төлем жасаудың қажеті жоқ", - деді қор өкілдері.
Мұндай хат алған қазақстандықтарға полицияға арыз жазу керек екені айтылды.
Коммуналдық тұрғын үй қорының баспанасы баспанаға мұқтаж тұрғындарға кезекпен беріледі.