9-11 маусым күндері ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде жоғары циклонның әсерінен Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалымен күн ашық, жауын-шашын жаумайды.
Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0…4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0…4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура норма шамасында болады.