11 маусымға арналған ауа райы болжамы
11 маусымда республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады. Ал бірқатар өңірде фронтальды бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте жел күшейеді, шаңды дауыл болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м /с жел күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, кейде Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.
baq.kz
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, кейде Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.