Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай күркірейді, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл, оңтүстікте, шығыста шаңды дауыл тұрады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік - батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 17-22 метр жел күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, жел 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, секундына 15-20 метр жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, секундына 15-20 метр жел күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жел соғады. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.