Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Коронавирусқа қатысты қауіп ойдан шығарылған" деуге болмайды

«Коронавирусқа қатысты қауіп ойдан шығарылған" деуге болмайды

Коронавирус пандемиясының қатеріне бей-жай қарауға болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қала тұрғындарынан әлі де сақтану керектігін талап етеміз. «Коронавирус пандемиясы бітті және оған байланысты қауіп-қатер ойдан шығарылған» деп айтуға болмайды. Инфекция қаупінің негізгі факторы – адамдардың көп жиналуы, түрлі шараларға қатысу, маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтамау, жеке гигиена талаптарын орындамау», – деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, қаланың медициналық ұйымдары қажет көмек көрсетуге толық дайын.
«Біз барлық ұсыныстар мен берілген кеңестерді орындауды сұраймыз. Бұл барша тұрғындар үшін қажет», – деді басқарма басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада вирус жұқтырған жалпы 2 620 адам анықталды. Оның ішінде 270-і бала . 1 829 науқас немесе 70 пайызы жазылып шықты. Өкінішке қарай, толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, 14 адам қайтыс болды.
12 маусым 2020 ж. 554 0