Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы» 16.06.2020 жылғы №15 қаулысы бекітілді.
♦️Облыс көлемінде коронавирус инфекциясынан соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсуі 7 %-дан асуына байланысты шектеу және карантиндік шаралар күшейтілді.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
♦️көпшілік іс-шараларды (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге;
♦️ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары т.б.) барлық жиындарға;
♦️бала-бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық бала-бақшалардың жұмысына;
♦️жекелеген тұрғындардың құран бағыштауын қоспағанда, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар (ас беру және т.б.) өткізуді шектеу;
♦️шектеу шараларынан кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастаған салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар, фут-кордтар қызметтеріне;
♦️оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына;
♦️қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға.

ЖҰМЫС УАҚЫТТАРЫ ШЕКТЕЛДІ
♦️білім беру орталықтарының, үйірмелердің, қосымша білім беру орталықтарының (репетиторлық, тілдік) жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін;
♦️компьютерлік және интернет клубтар, бильярд, боулинг орталықтарының, букмекерлік және лото-, мото-конторалардың жұмысы сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
♦️жәрмеңкелердің, азық-түлік емес тауарлар, киім-кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысы сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін;
♦️онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін
♦️барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері) жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;
♦️демалыс парктерінің жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;
♦️облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін;
♦️такси қызметтері тек 2 адамнан немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүруі талаптарын сақтай отырып, жұмысын сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін;
♦️келушілер саны бір мезетте 30 адамнан асырмау талабымен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын 11.00-ден 22.00-ге дейін.
♦️Сонымен қатар мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдыру ұсынылды (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда).
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
17 маусым 2020 ж. 753 0