Коронавирус: маман қатаң диетадан тартынуға кеңес берді

Онлайн баспасөз мәслихатында «диета ұстану – коронавирус инфекциясына байланысты иммунитетті әлсіретуі мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.
Осы орайда ол тамақтанудың қалыпты режимін сақтауға кеңес берді.«Коронавирус инфекциясына байланысты жағдайдың күрделі екенін ескеріп, бұл кезеңде өмірдің қалыпты режимі мен ырғағын ұстанған жөн», – деді Сәуле Қисықова.
«Тамақтану тәртібін күрт төмендетуге болмайды. Калориясы төмен тағамдар бар, яғни оны адамдар өздері таңдауы керек. Әрине, адамдар қандай диета керектігін өздері біледі. Алайда, біз ашығуға кеңес бермейміз», – деді Сәуле Қисықова.