Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбі, 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі, 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 25 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

25 маусым күні Қазақстан аумағының оңтүстік бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Соған орай, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстік бөлігі Солтүстік циклонның және сонымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалында болатындықтан жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел тұрады, солтүстікте дауыл болуы ықтимал, - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысында дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
baq.kz
25 маусым 2020 ж. 433 0