Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады

Қазақстанда екі жаңа телеарна ашылады

Биыл «Хабар» агенттігінің құрамына жаңа телеарна қосылады.
«Қазіргі уақытта «Abai Tv» және «Әл-Фараби» сынды екі жаңа телеарнаны ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Abai Tv» телеарнасы ертеңнен бастап ашылады. Ол 30 маусымда «Қазақстан» ТРК телеотбасының құрамына қосылады», – деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде.
Айтуынша, бұл телеарна ұлттық мәдениетке арналмақ.
«Ал екінші тележоба – «Әл-Фараби» телеарнасы. «Хабар» агенттігінің құрамына қосылатын бұл телеарна оқу жылының басында ашылады. Ол білім беруге арналған жаңа телевизиялық платформа болмақ. Оның аудиториясы 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер болады. Мұндай телеарнаның қажеттілігі әсіресе пандемия кезінде туындады», – деді министр.
kyzylorda-news.kz​​​
29 маусым 2020 ж. 541 0