Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕТПЕРДЕЛЕР ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ ⠀

БЕТПЕРДЕЛЕР ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ ⠀

Коронавирус инфекциясынан сақтанып, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін әрбір азамат күнделікті бетперде тағып, міндетті түрде сақтық шараларын мұқият орындауы тиіс.Осыған орай,ауданындағы сақтық шаралары күн сайын қарқынды жалғасып келеді.
COVID-19 Коронавирус пандемиясының алдын-алу, вирустық инфекцияның таралуын тежеу мақсатында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан еріктілері мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда тегін бетперделер таратты.
Сондай-ақ, халыққа қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндіріліп, халық көп жиналатын сауда орындарында арнайы үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар, дыбыс күшейткіш құралдары арқылы тұрғындарға сақтық шаралары кеңінен хабарланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.⠀ ⠀
30 маусым 2020 ж. 647 0