Ерікті жастар аудан тұрғындарына тегін бетперде таратты

Атап айтқанда, бүгін аудан еріктілері елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қолға алған игілікті шараларын жалғастырып, аудан тұрғындарына 200 дана тегін бетперде таратты.
Жұқпалы вирустың таралу жолдары мен індеттен қорғанудың қарапайым әдістерімен бөлісуді өздерінің азаматтық борышы деп есептейтін еріктілер аталған игі істе бір-бірімізді қолдап, бір болуға шақырды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.