Бетперделер тегін таратылды
Коронавирус инфекциясынан сақтанып, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін әрбір азамат күнделікті бетперде тағып, міндетті түрде сақтық шараларын мұқият орындауы тиіс.Осыған орай, төтенше жағдай кезінде ауданда бетперде тапшылығын болдырмау үшін жеке кәсіпкер Мейрамбек Жұмашевтің қолдауымен 5000 дана бетперде жергілікті тігін шеберханаларында тігілуде. Дайын болған бетперделердің барлығы тұрғындардың қажеттілігіне қарай тегін таратылатын болады.
Бүгін ерікті жастар орталық базар маңы мен халық көп жүретін аймақтарды аралап дайын болған 500 бетпердені тұрғындарға тарту етті. Игілікті іске атсалысқан еріктілер тұрғындарға індеттен қорғану жолдары жазылған арнайы таратпа қағаздарын ұсынып, көшеге ретсіз шықпау және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, көше тазалықшыларына 260 бетперде тегін таратылды.
Атап өтейік, Жаңа ауыл мөлтек ауданындағы «Аружан» тігін шеберханасында тұрмыс жағдайы төмен мүмкіндігі шектеулі жандарға бетперделер тегін берілуде.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.