"Аружан" тігін шеберханасында бетперде тігілуде

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған тігін шеберханасында барып, жұмыс барысымен танысты. Игілікті іске бастамашы болған тігіншілердің жұмысына сәттілік тіледі.
Қазіргі таңда аудандағы барлық әлеуметтік нысандарда қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, күшейтілген тазалық және санитарлық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.