Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету анықтамасын қалай аламыз?

Бұл қызметті онлайн алу үшін балалардың құжаттары, некеге және мұраға қатысты құжаттардың сканерленген көшірмесі және ЭЦҚ болу қажет
- Egov.kz порталына кіріңіз;
- Аталмыш қызмет атауын іздеу жолағына жазыңыз;
- Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
- Өтініш беруші мен өтініш туралы ақпаратты толтырып шығыңыз;
- Кәмелет жасына толмаған балалар туралы ақпаратты толтырыңыз;
- Мұраға құқық туралы куәліктегі ақпаратты енгізіңіз;
- «Сұранымды жіберу» батырмасын басып, келесі қадамға өтіңіз;
- Өтінімге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз;
- ЭЦҚ арқылы растап, қол қоюды ұмытпаңыз;
- Дайын анықтаманы 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.
- kyzylorda-news.kz