ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болады?
Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы жүзеге асады. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады.ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынын білесіз бе? Егер бұған дейін бұл мәселені нақты білмесеңіз, зер салыңыз. ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін ең алдымен:
- Egov.kz порталына кіріңіз;
 - Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
 - Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
 - ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
 - Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
 - Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
 - Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
 - Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
 - Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
 - Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
 - Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
 - Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
 - Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
 - Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
 - Сертификатты жүктеңіз.
 - kyzylorda-news.kz
 






		
		



