Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмабай Жақып: Бірлесе бұл қиындықты да жеңеміз

Жұмабай Жақып: Бірлесе бұл қиындықты да жеңеміз

Бүгінде әлемдік пандемияның таралу қарқыны бәсеңдемей отыр. Біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Біз қазір аса қажеттілікке сәйкес енгізілген карантин режимінің талаптарын өте мұқият орындауымыз қажет.
Қабылданған сақтық шаралары мен медицина қызметкерлерінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны көбейіп келеді.
Өкінішке орай, бұл індеттің салдарынан қаншама атпал азаматтарымыздан, тұрғындар жақын-жуықтарынан айырылуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жасаған үндеуінде 13 шілдені – індеттен қаза болған дардың рухына арнап Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Соған сәйкес, бүгін еліміздің Мемлекеттік Туы төмен түсірілді. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылды.
Дерттен көз жұмған барлық шейіттеріміздің жақын-жуықтарына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамын!
Халқымыз аман, жан-жағымыз түгел, жақындарымыз әрдайым жанымызда болсын. Жаратушы иеміз елімізді бәле-жәледен сақтасын. Енді тарихымызда мұндай қаралы күн орын алмасын деп тілеймін. Бірлескен іс-әрекетімізбен бұл қиындықты жеңетін боламыз.
Жұмабай ЖАҚЫП,
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігі Арал аудандық филиалының төрағасы
https://kyzylorda-news.kz/

13 шілде 2020 ж. 551 0