Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді – министр

Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді – министр

Карантин режимі аяқталғанша эпидемиологиялық жағдайға орай мектепке дейін білім беру ұйымдарына қатысты шешім қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
«Карантин мерзімі созылғанын бәріміз білеміз. Соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Карантин уақыты аяқталғанға дейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады. Соның ішінде мектепке дейін білім беру ұйымдарына да қатысты шешім қабылданады. Біз осы бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз. Бұл жерде де маңыздысы – балалардың қауіпсіздігі», – дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, бастауыш сыныптар тамақпен қамтамасыз етілмейді.
«Себебі сабақ қатаң карантин шараларымен ұйымдастырылады. Тамақ берілген жағдайда балаларға қауіп төнеді. Оқушылар оқу, жазу, есептеу сияқты негізгі сабақты мектепте, музыка, сурет сияқты қосымша сабақтарды үйде онлайн режимде оқиды. Демек мектептң оқу жүктемесі ауыр болмайды», – деп атап өтті ол.
15 шілде 2020 ж. 580 0