ДӘРІХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Арал аудандық прокуратурасының бастамасымен қадағалау аумағында дәрі-дәрмектерді шектен тыс бағадан сатылу деректерін анықтау мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында Арал қаласында орналасқан 3 дәріхана дәрілік заттарды қымбат бағамен сатса, бір жеке тұлға дәрілерді ешқандай рұқсат құжатынсыз заңсыз сатумен айналысқандығы анықталды.
Мысалы, қарапайым «Ацетилсалицил қышқылы» (аспирин) дәрісінің шекті бағасы 63 теңге болса, ол дәріханаларда 150 теңгеден сатылып отырған.
Осы орайда аталған деректер аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін фармацевтикалық бақылау саласындағы құзырлы органға жолданды.
Мониторинг жұмыстары жалғасын табуда.
Егер Сіз дәрілік заттарды қымбаттатып сатудың куәсі болсаңыз аудандық прокуратураның 2-19-94 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.
Арал аудандық прокуратурасы