Қазақстанда фейктерді анықтайтын жаңа сайт ашылды

Министрлік хабарлағандай, StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді.
Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез-келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды, – делінген хабарламада.Жалпы алғанда, StopFake қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және қате, жалған хабарламалардың ақпараттық тазалыққа бағытталған.